«Ең жақсы еркек» қойылымын тамашалаңыздар!
05.04.2025 21:40:42 174228 наурыз Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Сұлтанәлі Балғабаевтың комедиялық жанрдағы «Ең жақсы еркек» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.
Автор пьесада қазіргі қоғамдағы өзекті проблеманы астарлы әзілмен жеткізуге тырысқан. Спектакль көпшілік көрерменге арналған. Жеңіл әрі ойнақы. Шығарма шынайы өмірде кездесетін кейбір келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, отбасылық татулықты жоғалтып алмауға, жас қыздардың өмірде көрсе қызарлықпен шалыс баспауына үндейді. Қойылым адамгершілік пен сыйластықты жоғары бағалап, жастарды жеңіл әрі алдамшы сезімге шатастырмай шынайы махаббатын кездестіріп, өмірде өз орнын табуға жәрдемдеседі.
Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964628?lang=kk