Ағылшын тілі мұғалімдері Оксфорд университетінің баспасынан халықаралық шетелдік оқытушымен кездесті
05.04.2025 21:43:51 1682Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникулдық мектеп жұмысы жоспарына сәйкес, Үлан, Глубокое аудандарының және Өскемен қаласының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.
Семинар халықаралық Oxford University Press баспасының қолдауымен ұйымдастырылып, «Аудиторияны басқару және жасанды интеллекттіні шет тілдерін оқытуға біріктіру» тақырыбына арналды.
Семинардың негізгі мақсаты - әдістемелік қолдау көрсету, ағылшын тілін оқытуға арналған цифрлық ресурстармен таныстыру және практикалық идеялармен бөлісу.
Семинарды Оксфорд университетінің халықаралық шетелдік лекторы Эдже Арисут (Ece Arisut) жүргізді.
Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Мұғалімдер өздерінің оқу технологиялары бойынша жұмыс әдістері мен формаларымен тиімді түрде бөлісті.
Семинар барысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық интерактивті оқыту әдістері, коммуникация технологиялары, веб-сайттардағы жұмыс құралдары қолданылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылардың сыйлық жиынтықтары табысталды.
Іс-шараға 150 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысушылар тарапынан осындай кездесудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965011?lang=kk