Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша вебинар туралы хабарландыру

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша вебинар туралы хабарландыру

05.04.2025 22:14:45 1580

Орнықты дамуды басқару мен есептілік қалай өзара байланысты екенін білгіңіз келе ме? Ал есептілік стандарттарын енгізу мен жетілдіру жолдарын меңгергіңіз келе ме?

Қазақстандағы БҰҰДБ "Орнықты дамуды іс жүзінде қамтамасыз ету тетіктері" атты онлайн тренингтер сериясын бастайды. Тренингтер 2025 жылғы 1 және 9 сәуірде өтеді.

Бұл тренингтер Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асырылып жатқан БҰҰДБ FC4S-тың Ақпаратты ашу және орнықты дамуды басқару орталықтарының жаһандық бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылады.

Сіз не үйренесіз?

Орнықты дамуды басқару мен есептіліктің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеу арқылы тиімді шешімдерді қабылдауға және ұзақ мерзімді оң әсерге әкелуге қалай әсер ететінін.

Халықаралық стандарттарды (соның ішінде ISO) және ОДМ-ға қол жеткізу үшін ISO/БҰҰДБ ұсынымдарын ескере отырып, тұрақты даму принциптері мен климаттық міндеттемелерді ұйымдардың жұмысына қалай кіріктіруге болады.

"Орнықты дамуды басқару" тренингінің алғашқы сессиясына тіркеліңіз!

https://undp.zoom.us/webinar/register/WN_FToPuVP5Qs6I6c0nmOxiOA

Күні: 2025 жылғы 1 сәуір

Уақыты: 15:00–17:00 (Астана уақыты бойынша)

Форматы: онлайн

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/965240?lang=kk