Конституциялық Сот құқық қорғау органдарына қызметке кіру шарттары бөлігінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң нормасының Конституцияға сәйкестігін тексереді
05.04.2025 22:17:27 1471Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Аталған норма заңда көзделген адамдардың жекелеген санаттары үшін құқық қорғау органдарында қызметке мерзімсіз тыйым салуды қоса алғанда, құқық қорғау қызметіне кіру шарттарын айқындайды.
Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма оның қызметке қайта кіру құқығын шектейді, сондай-ақ, 2023 жылғы 31 тамыздағы № 27-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес келмейді, өйткені ол құқықтық шектеудің мөлшерлестігін қамтамасыз етпейді.
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/965686?lang=kk