«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
05.04.2025 22:18:41 15152025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502422) Бас Прокурордың «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ аттестаттау кезінде кейіннен есепке алу үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруға жол беретін қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тізбесін енгізу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу тетіктерін жетілдіру және оларды жасыру фактілерін болғызбау.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/966074?lang=kk