Қызылорда облысының тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты
05.04.2025 22:42:03 396
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шараларына 80 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 300 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінде облыс аумағына 9560 түп тал отырғызылды.
Алдағы уақытта да жұмыс ауқымы кеңейе бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/966700?lang=kk