Салық күнтізбесі

Салық күнтізбесі

05.04.2025 23:02:05 1584

Жанама салықтарды төлеу және СЕН тапсыру мерзімі 22 қыркүйекте аяқталады
2025 жылғы 22 қыркүйектен кешіктірмей келесілерді орындау қажет:
2025 жылғы тамыз айы үшін СЕН тапсыру:
ф. 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
ф. 851.00 – Жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ағымдағы төлем сомаларын есептеу (егер жер пайдалану шарты жасалған немесе 2025 жылғы тамызда ҚПИ лицензиясы алынған жағдайда);
ф. 870.00 – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы декларациясы (2025 жылғы тамызда рұқсат алынған жағдайда, төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болған кезде);
2025 жылғы тамыз айы үшін төлеу:
ЕАЭО-дағы ҚҚС;
акциз, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импорт бойынша;
2025 жылға қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болған жағдайда).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1071344?lang=kk