Грекиялық бизнес Қазақстанның алюминий саласына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда

Грекиялық бизнес Қазақстанның алюминий саласына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда

05.04.2025 23:17:43 1660

Афина, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекиядағы алюминий құймалары мен дискілерін өндіретін жетекші «ALUMAN S.A.» компаниясының басқарушы директоры Спилиос Маниаспен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстанда алюминий өңдеу және озық технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Елші кездесу барысында қазақстандық инвестициялық климат туралы жан-жақты ақпарат беріп, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы аясында жоғары өнімді және экспортқа бағдарланған өңдеу секторын құруға ниетті екенін атап өтті. Осыған байланысты грек компаниясының алюминий өңдеу саласындағы тәжірибесі Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту бойынша стратегиялық міндеттерін іске асыруға пайдалы болмақ.

Тараптар Қазақстанның алюминий өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қоса алғанда, өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылық білдірді.

Анықтама: ALUMAN S.A. – 1965 жылы құрылған отбасылық компания, бас кеңсесі Афинада және өндірістік кешені Грекияның Инофита қаласында орналасқан. Компания азық-түлік, фармацевтика және косметика өнеркәсібінде қолданылатын алюминий құймалары мен дискілерін өндіруге маманданған. Өнімінің 100%-ын әлемнің 20-дан астам еліне экспорттайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/968330?lang=kk