САРЫАҒАШТА ЖИ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
05.04.2025 23:43:35 1600⠀ Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Smart Hub Saryagash ЖИ мектебі ашылды. Осыған орай ЖИ мектебінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді
⠀ Іс-шара барысында қатысушылар арасында “Жасанды интеллект мемлекеттік сектордағы жұмысты қалай өзгерте алады? Қандай мүмкіндіктер ашады?” деген сұрақтар талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ Цифрлық трансформация жолындағы қадамдар бойынша сөз қозғалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/969311?lang=kk