Қазақстан мен Грекия парламентаралық диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Грекия парламентаралық диалогты нығайтуда

05.04.2025 23:43:52 1616

Афина, 2025 жылғы 3 сәуір – Афина қаласында Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Грекия Парламенті Төрағасының дипломатиялық Кеңесшісі Константин Экономидес арасында кездесу өтті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, биылғы жылдың маусым айына жоспарланған Грекия Парламенті делегациясының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына ерекше назар аударылды.

Елші Т.Сұлтанғожин Грекия тарапының өкіліне Қазақстанда саяси жаңғыру, демократиялық институттарды нығайту және елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіру бағытындағы жүргізіліп жатқан реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Константин Экономидес Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалап, екіжақты қатынастарды нығайту және тәжірибе алмасу ісінде парламентаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі белсенді етуге мүдделі екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/969349?lang=kk