Мониторинг

Мониторинг

05.04.2025 23:44:38 1627

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында Баянды ауылы әкімінің аппараты тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауына жол бермеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынған.

Мониторинг аясында:
- Ауылдағы сауда орындарында азық-түлік бағаларына күнделікті бақылау жүргізіледі;
- Баға өсімінің себептері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.

Ауыл әкімдігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/973366?lang=kk