«Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп
05.04.2025 23:44:41 1584«Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасының Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39Н/Қ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Бобровка ауылдық округінің аппараты» ММ, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2024 жылы Бобровка ауылдық округінің аппараты 15 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 1-сі заңды тұлғаларға.
- elicense ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-3.
- көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанында кеңсе арқылы баламалы негізде көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-12;
-2024 жылы Мемлекеттік қызмет бойынша электрондық түрде 1 бас тарту болды.
Динамика көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».
Аталған ауылдық округтің маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсынан 2024 жылдың ақпан айында өтті.
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-bobrov/press/news/details/969584?lang=kk