2024 жылғы өтініштермен жұмыс қорытындылары бойынша кеңес
10.04.2025 16:48:44 2532025 жылғы 4 наурызда облыс әкімі аппараты басшысы Е.Х. Текешовтың төрағалығымен 2024 жылғы өтініштермен жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске облыстың Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ШҚОД) өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Д.А. Тюлентаева, ҚР БП ҚСжАЕКД ШҚОД прокуроры Е. Қайратұлы, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, басқарма басшыларының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты.
Облыс әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы А. Хайрулла 2024 жылы өтініштерді қарау бойынша жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті, 2025 жылы позицияларды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді.
ҚР БП ҚСжАЕК ШҚОД өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Д.А. Тюлентаева өтініштерді тіркеу және қарау кезінде жиі жол берілетін бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, Өтініштерді есепке алу және тіркеу қағидаларының талаптарын сақтау қажеттілігін мен нормаларын түсіндірді, заңнама талаптарын бұзғаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы ескертті.
Мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалып, онда азаматтардың өтініштерімен жұмыста салғырттық жіберілгені атап өтілді.
Облыс әкімі аппаратының басшысы кеңесті қорытындылай келе, өтініштермен жұмысты ұйымдастыру басым сипатқа ие екенін атап өтті. Оларды қарау кезінде аналитикалық жұмыстың маңыздылығын, жүйелі тәсілдің қажеттілігін, заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды ескертті. Белсенді жұмыс жүргізуге және жеке қабылдауларды ұйымдастыруға баса назар аударды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/951763