2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады
10.04.2025 16:49:50 253Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.
теңге
| Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда | 0-13 жастағы балалар | 14-17 жастағы жасөспірімдер | 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық | Зейнет-керлер мен қарт адамдар | ||
жас жігіттер | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы | 29 146 | 26 376 | 36 152 | 27 701 | 34 097 | 27 048 | 26 858 |
Азық-түлік тауарлары | 16 030 | 14 507 | 19 883 | 15 235 | 18 753 | 14 877 | 14 772 |
Азық-түлік емес тауарлар | 13 116 | 11 869 | 16 269 | 12 466 | 15 344 | 12 171 | 12 086 |
Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10591?lang=kk