ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДА 18 ІРІКТЕМЕ ТЕКСЕРІС ӨТКІЗІЛДІ
10.04.2025 16:50:15 1642Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2018 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша ТРМК департамент директоры Ерқанат Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
2018 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша Департамент барлығы 18 іріктеме тексеріс жүргізді. Оның 11-і барысында заң бұзушылықтар анықталды (61,1%). Тексерістердің нәтижесі бойынша 11 әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралып, барлығы 2922,1 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды. Тексерулер қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 83 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде 11 ұйғарым берілді.
Департаменттің 2018 жылға бекітілген жоспарына сәйкес департамент мамандарымен жыл басынан аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда, облыстың барлық аудандарында: кәсіпорындарда сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптары, өнімдерін катологтау, Кедендік одақ аясындағы техникалық реттеу саласындағы келісімдер, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар, Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары, ұлттық және мемлекеттік стандарттар және басқа да қабылданған нормативтік құжаттарды қалың көпшілікке таныстыру, талдау, түсіндіру мақсатында облыс кәсіпкерлерінің, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 13 оқу семинарлары, конференциялар және 12 «дөңгелек үстел» өткізілді.
Департамент мамандарымен облыстың өнім өндіруші кәсіпорындары арасында шығарылған өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу жөнінде жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 107 түрлі өнім өнімдердің катологтау жүйесіне енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10874?lang=kk