ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды

ДСҰ Бас директорының орынбасары Алан Вулф Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды

10.04.2025 16:50:19 220

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас директорының орынбасары Алан Вулф ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласына келу барысында Халықаралық бизнес университетінде (UIB) дәріс оқыды. Лекцияның негізгі тақырыбы ДСҰ-ның қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемде  алатын рөлі туралы болды. ДСҰ  бүгінгі таңда өзекті болып табылатын, сауданы шектейтін протекционистік шаралардың өсуі,  қаржы дағдарысы,  электронды сауда, қоршаған ортаны қорғау сияқты  мәселелерді талқылайтын маңызды алаңы болып табылады. ДСҰ-на мүше-елдер, қазіргі заманғы шындықтар  Ұйымнан иілімді де заманауи шешімдер  қабылдауды талап ететінін, түсінуде.  Осыған байланысты ДСҰ мүше-едердің көпшілігі жоғарыда аталған мәселелерге қатысты  институциональдық өзгерістерге, саяси еркіндіктерін білдіруде.

Өз сөзінде Алан Вулф Қазақстанның ДСҰ жұмысына белсене  қатысып отырғанын ерекше атап өтті. Еліміздің ДСҰ-ның жас мүшесі болып табылатынына қарамастан,  Қазақстан ДСҰ жұмысына, атап айтқанда  техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру жұмысына  қомақты үлес қосуда.

Биыл Қазақстан  ДСҰ-ның қызметтерді саудалау  ережелерін әрі қарай реформалау жөніндегі келіссөздер тобына жетекшілік жасауда. Қызметтер нарығының сауданың өсуі үшін әлеуеті орасан зор,  тиісініше  осы салада сауданы ырықтандыру ДСҰ-ға мүше барлық елдің  экономикалық өсуіне  серпін бере алады.

Бас директордың орынбасары, ДСҰ атынан Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне арналған ДСҰ-ның Аймақтық сауда саясатын жүзеге асырудағы жемісті серіктестігі үшін, UIB-ге алғысын білдірді. Аймақтық курстарға 70-тен астам мемлекеттік қызметші қатысты және осы саладағы білімін арттырды. Қорытындылай келе, ол  ДСҰ-ның 12-ші Министрлер Конференциясын өткізуші ел  ретінде сайлануына байланысты халықаралық сауда жүйесінде Қазақстанның ерекше  рөл атқаратынын атап өтті.  Министрлер конференциясы маңызды шешімдер қабылдайтын,  әлемнің барлық елдерінің  сауда саясатына әсер ететін  ДСҰ-ның жоғары басшы органы болып табылады. 

Заместитель Генерального директора ВТО Алан Вулф выступил с лекцией в Университете международного бизнеса (UIB)

Заместитель Генерального директора ВТО Алан Вулф выступил с лекцией в Университете международного бизнеса (UIB)

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10911?lang=kk