5 шілде. Астана күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды

5 шілде. Астана күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды

10.04.2025 16:50:20 176

Бала бақшасы мен әлемдік брендтегі қонақүйдің ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Мегаполистің Әуезов ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған бала бақшаның көлемі 1,6 мың кв.м. Әкім бұл шараның әлеуметтік маңызын атап өтті. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағындағы бұл бала бақша алғашында 180 балдырғанды қабылдайды, қабылдаулар кейін де жалғасады. Осы мекменің ашылуы арқасында 45 жаңа жұмыс орны ашылды, мұнда 25 ұстаз сәбилерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.

Атап өтерлік жайт, тәрбиеленушілердің тең жартысының ақысы арзанға түседі, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында бүлдіршіндер ақысының бір бөлігін мемлекет төлейді.

Дәл осы күні қала басшысы Медеу ауданында орналасқан 4 жұлдызды әлемдік брендтегі «Shera Park Inn» қонақ үйінің ашылуына да қатысты, оның көлемі 15 мың кв.м, нөмір саны – 190. Алматы әкімі алдағы Унивесриада 2017-нің қарсаңында мұндай мейманаханалардың ашылуы өте тиімді екендігін айтты. Жаңа қонақүйдің арқасында 80 жұмыс орны ашылды.Атап өтерлік жайт, мұндай мейрамханалар қонақ үйлер бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, қызмет көрсету сервисін жақсартады.

Аталған бұл нысандарды салуда отандық кәсіпорындардың құрылыс материалдары пайдаланылды.

Ақпараттық хабарлама: Қалада кіші және орта бизнестің үлес салмағы артып келеді. Алматы да КОБ-тің 185 000 -нан астам субъект ісі тіркелген. Бұларда 580 000 адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ шығарған өнім көлемі 4,2 трлн. теңгеге жетіп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1% -ды құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10915?lang=kk