Тағы бір «Агроқала» ашылмақ
10.04.2025 16:52:27 1496Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар облысында жұмыс істеуге және аймақ экономикасын дамытуға қаражат құюға ниет білдірген инвестор «Агроқала» ЖШС бас директоры Николай Карташевпен кездесу өткізді.
Жобаның бастамашысы атап айтқандай, басты мақсат – Қазақстан нарығында тұтынуға арналған сұранысқа ие, сондай-ақ жуық маңдағы Ресей мен Қытайға экспорттауға арналған азық-түлік өндіру. Бүгінгі таңда Польшаның қаржы институттарымен және Польша мен Ресей Федерациясының серіктестерімен келісімге қол жеткізілді. Жобаның жалпы құны – 144 млрд. теңге, оның 80 пайызын Польшаның инвестициясы құрайды.
– Бағдарламаның басты мәні – Қазақстанға польшалық озық технологияларды, құрал-жабдықты, техниканы, мамандарды тарту. 55 000 гектар жерді суаруды қалпына келтіру жоспарланған, бұл жер жайлы Республика Қазсушаруашылығымен және Сәтбаев арнасының басшылығымен келісілген. Бұл алаңда азықтық дақылдарды, қант қызылшасын, көкөніс, күнбағыс, бақша дақылдарын және жеміс-жидек өсіру жоспарланып отыр. Инвестор болашақта «Агроқала» салуды көздеп отыр. Онда қойма, тоңазытқыштар және газды ортасы реттелмелі тоңазытқыштар, қант пен май, ет өнімдерін, кептірілген және мұздатылған көкөністер мен жемістер, түйіршіктелген азықтар және қаптама шығаратын зауыттар болады, – деп хабарлады аймақ басшысына Николай Карташев.
Жоба бастамашысы болашақта Польша мен Павлодар облысы салалық оқу орындарында орта және жоғары басқару буыны мамандарын, жұмысшы мамандарын даярлайтын және қайта даярлайтын оператор ретіндегі білім беру орталығын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кездесуде облыс әкімі Болат Бақауов мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.
– Біздің әр ауданымызда аграрлық колледждер бар, солардың біреуін сенімді басқаруға бере аламыз. Оның негізінде еуропалық үлгідегі диплом алатын мамандарды даярлау процесі басталады.
Аймақ басшысы орынбасарларына инвестордың жоспарын іске асыру үшін бұл жобаны жан-жақты зерделеуді тапсырды. Жобаның алғашқы кезеңі Екібастұзда басталмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11886?lang=kk