ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ВОСТОКЭНЕРГОСЕРВИС» ЖШС-ІНЕ БАРЫП ШЫҚТЫ
10.04.2025 16:52:30 1544Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Лабораторияларды толық жабдықтандыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жақсыбаева және Департаменттің бас маманы Г.Қондыбаева «Востокэнергосервис» ЖШС-іне барып шықты.
«Востокэнергосервис» ЖШС криогеника бойынша, төмен және аса төмен температуралар теориясы, электротехникалық өнеркәсіп, электрлі жетек бойынша ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулер, материалдар мен бұйымдар (қызметтер) зерттеулері, сынақтары, сынамалары, сараптамасы, электрлі және электрондық блоктар мен жабдықтарды сынау қызметтері, өндірістік машиналар мен жабдықтарды (қызметтер) сынау, өлшеу құралдары мен бақылау-өлшеу аппаратурасын сынау, қадағалау, аттестациялау мәселелерімен айналысады.


Сапар барысында департамент қызметкерлері сынақ базасымен таныстырылды, қажетті жабдық сатып алу, қолданыстағы сынақ жабдығын жаңарту сұрақтары талқыланды.
Кездесу нәтижелері бойынша тараптар «Востокэнергосервис» ЖШС сынақ базасын жаңартудағы кейінгі ынтымақтастықты талқылады.
Қолданыстағы Инновациялық гранттарды ұсыну ережелеріне сынақ зертханасын (орталығын) құру және (немесе) кеңейту үшін сынақ зертханаларына жабдық, материалдар, толымдаушылар сатып алуға инновациялық гранттар ұсыну бөлігінде енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12006?lang=kk