ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯ ӨНІМДЕРІН АНЫҚТАУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ) БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯ ӨНІМДЕРІН АНЫҚТАУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ) БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

10.04.2025 16:52:43 1582

2016 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды қаласындаТехникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті сәйкестік сертификаты мен сәйкестік декларация өнімдерін анықтау (идентификациялау) бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Семинар жұмысына қатысқандар: Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысы кеден бекеттерінің басшылары мен сәйкестікті растайтын органдар өкілдері, кедендік брокерлер және СЭҚ қатысушылары.

Семинар қатысушыларына Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі күшіне енгізілгендіктен бастап қазақстандық импорттаушылар кедендік декларациямен қатар кедендік органдарға кедендік одақтың міндеттелген талаптарына сәйкес әкелінген тауарлардың сәйкестігін куәландыратын құжаттар ұсыну керек. Сәйкестігі міндетті бағалауға жататын тауарларды кедендік мағлұмдау кезінде декларация-өтініш қабылданбайды, өйткені техникалық реттеу саласындағы кедендік одақ заңнамаларының талаптары осындай, атап айтқанда: кедендік одақтың кедендік аумақтарына кедендік одақ ішінде міндетті талаптар қойылатын өнімдерді (тауарлар) әкелу тәртібі туралы Ережесі.

Семинарда кедендік одақтың кедендік аумақтарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімдерді (тауарлар) әкелу тәртібіне, кедендік одақтағы сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірегейлік реестрін және берілген сәйкестік сертификаттар мен тіркелген сәйкестік туралы декларацияларының бірегейлі реестрін қолдану, Еуразиялық экономикалық одағының тұрақты жұмыс істеп тұрған реттегіш органында   http://www.eurasiancommission.org/ru/ - Еуразиялық экономикалық комиссия интернет порталындағы бірегейлік реестр жүйесінде жалған сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды іздеу мүмкіндігі, сонымен қатар өнімдерді сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялармен анықтауға (идентификациялау), әр өнім түрін сынақтан өткізу үшін қажетті мерзімді ескере отырып өнімдерге сәйкестік сертификаттар берілу мерзімдеріне ерекше назар аудару керектігі туралы түсініктеме берілді.

Семинарда Кедендік одақтың кедендік аумақтарына өнімдерді әкелу кезіндегі негізгі мәселелер талқыланды.

Өткізілген семинар нәтижесі бойынша пайдалы пікір алмасу болды, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар қайтарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12110?lang=kk