СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

10.04.2025 16:53:29 1581

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы «Беркат» ЖШС және «Селмурзаев» ЖК кәсіпорнында болып қайтты.

«Сельмурзаев» ЖК және «Беркат» ЖШС 1998 жылы құрылған бірыңғай агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. «Беркат» ЖШС Қазақстанда сатылып, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ресейге және Ауғанстанға экспортталатын жоғары, бірінші және екінші санаттағы жоғары сапалы бидай ұнын өндірумен айналысады. Дермен айына 1 300 мың тонна бидай өңдейді.

Дермен барлық қажетті құралдармен жыбдықталған.

«Сельмурзаев» ЖК пісірмесі түрлі өнімдердің кең ассортиментін пісіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік қадағалау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторымен өнімдерді Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогына енгізу, сапа менеджменті жүйесін енгізу, сондай-ақ органикалық өнімдерді өндіру бойынша ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12973?lang=kk