«ВЗЛЕТ-ҚАЗАҚСТАН» ӨНДІРІСТІК ФИРМАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
10.04.2025 16:53:32 16672019 жылдың 11 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Взлет-Қазақстан өндірістік фирмасы» ЖШС-нің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Айнұр Кенжеғүлова, техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.
Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12976?lang=kk