Павлодардағы Жағалау ұзара түсті
10.04.2025 16:53:38 1657Облыс орталығындағы жағалау – Павлодар қаласының көрікті орындарының бірі. «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» – астана күнін мерекелеу іс-шараларының шеңберінде жағалаудың Инвесторлар үйінен Айманов көшесі аралығындағы жаңа учаскесініің тансытырылымы өтті.










Құрылысшылар жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізіп, суару және суағар жүйелерін монтаждап, балалар алаңдарын құрып, кіші сәулет формаларын мен жарық шамдарын орнатты.
Жаңа жағалаудың ерекшелігі мұндағы «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші. Мұнда ашық аспан астындағы мұражай құрылып, қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі жануарлардың мүсіндері қойылды.
– Біз бұл экожүйеге тиіспей, бәрін табиғи қалпында қалдыруға тырыстық, – деді аймақ басшысы Болат Бақауов. – Тек қана тас жолдар салып, ағаш қоршаулар орнаттық. Павлодарлықтар мен қала қонақтарына ескерткіштің аумағы ұнайды деп ойлаймын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13185?lang=kk