Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты

Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты

10.04.2025 16:53:47 330

Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенова, өңір тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын ұйымдарда болды.

ҚР ЕХӘҚМ басшысы бірінші кезекте Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, Қурайлы ауылдық округі әкімдігіндегі «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» жобасын (әрі қарай – АРМ АСО) жүзеге асыру жайына қанықты.

Тамара Дүйсенова, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған психоневрологиялық сырқаттарға шалдыққан мүгедек балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік орталыққа және әйелдер мен балаларға көмекке арналған дағдарыстық орталыққа барды.  

Сонымен қатар, министр, бүгін дуальдық және жұмыскерлерді қысқа мерзімді кәсіби оқыту жүргізілетін Ақтөбе политехникалық колледжі жұмысымен танысып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, «АРМ АСО» жобасы пилоттық тұрғыда 2015 жылдың мамыр айында Ақмола облысында іске қосылса, Ақтөбе облысында 2016 жылдың қазан айында жұмыс істей бастады. Мұндағы негізгі мақсат – ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз, аз қамтылған жандарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. Жобаның арқасында әр нысаналы топ бойынша нақты жұмыспен қамту әрекеттерін қолға алу мүмкін болмақ. «АРМ АСО» жобасын қанатқақты түрде сынап көру нәтижесінде, республиканың барлық өңірінде қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/13430?lang=kk