АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.04.2025 16:54:09 1493

14.06.2018 жылы Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпановтың төрағалығымен техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.

Осы іс шараға өңірлік штаб мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, құрылыс компаниялардың өкілдері және полиэтилен құбырларын шығаратын Атырау «Шеврон Мунайгаз Инк» зауыты өкілдері қатысты.

Өңірлік штабта ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешеваның ГОСТ 18599-2001 «Полиэтиленнен жасалған қысым құбырлары.Техникалық шарттар» және ҚР СТ ГОСТ Р 50838-2011 «Газ құбырларына арналған полиэтилен құбырлары. Техникалық шарттар» стандарттарының талаптарына сәйкес құбыр өнімдерін өткізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында 16.05.2018 жылғы «ШевронМунайГазИнк» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауытының мәселелері бойынша кездесу қорытындысы тыңдалды.

Салтанат Камешова полиэтилен құбырларын өндіру ГОСТ 18599-2001 және ҚР СТ ГОСТ Р 50838-2011 стандарт талаптарына сай болуы қажеттігін және құбырларды қабылдау кезінде қабылдау ережесін сақтау керектігін, яғни ілеспе құжаттарда өнімнің сапасы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс, шикізат маркасы,  шикізатты сынау нәтижелері немесе құбырлардың сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін растау, құбырлардың шартты белгілері және т.б. қажеттігін атап айтты. Полиэтиленді құбырларды өндіру кезінде сапасыз шикізатты қолдану стандарт талаптарын сақтамауына алып келеді.

Бұдан өзге «ШевронМунайГазИнк» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлар зауытының өкілі Евгений Легин құбырлық өнімге мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша ұсынысын білдірді.

Қорытындылай келе, өңірлік штабтың төрағасы Сағындық Лұқпанов барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, Атырау облысы  кәсіпкерлер палатасының директорына облыс кәсіпкерлеріне мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша көмек көрсетуін ұсынды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/13815?lang=kk