Алматы әкімі қаланың биылғы жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы айтты
10.04.2025 16:54:32 275Биылғы жылы барлық әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер бойынша қалада оң динамика қалыптасты, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.
«Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығы арқасында еліміз орасан табыстарға қол жеткізді. Алайда, біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінгіміз келсе, ОЭСР стандарттарына сай реформаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл ең алдымен, өмір сүрудің жоғары деңгейі, жаңа әрі тиімді экономика, ал әкімдер үшін маңызды міндет- өмір сүру стандарттарының сапасын жақсарту. Осы мақсатты іске асыру барысында мемлекеттің ашықтығы, жариялылығы және есеп беруі қағидалары негізінде халықаралық «McKinsey» сарапшыларының қатысуымен «Алматы-2020» бағдарламалық реформасы қабылданды және көпшіліктің кеңінен талқылауынан өтті, қазіргі кезде ойдағыдай жүзеге асырылуда», - деді Бауыржан Байбек.
Мегаполис әкімі быилғы жылы барлық әлеуметтік- экномикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жеткенін бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары екенін айтты. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.
Елбасының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар экономиканың өсуіне зор ықпал етті. Соның арқасында тұрғын үй құрылысы төрт есе өсті. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,8 мың пәтер салынды, осы бағдарлама бойынша биыл 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі және қолжетімді баспана көлемі 1,5 есеге артады. Жеке құрылыс та қарқын алуда, екі жыл ішінде Қалақұрылысы кеңесі жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 82 жобаны бекітті.
Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе,инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.
Бүгінгі күні қалада кәсіпкерліктің 173 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Индустриализация картасы бойынша жалпы құны 36,8млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асуда, осының арқасында 3 мың жұмыс орны құрылды. Индустриалды аймақта құны 191,3 млрд. теңге болатын 40 жоба қолға алынған және 5 мың жұмыс орны пайда болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес пен тұрғындардың талабы бойынша қалада Алматының Басжоспар Институты құрылды.
«Біздің бағдарламаның басты міндеті - қалада жайлы орта қалыптастыру.Биыл жүйелі жаңғырту жұмыстарын қолға алдық, бүгінгі күні батыстық стандарт бойынша қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды. Қалалықтардың орасан қолдауы арқасында бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Райымбек, Достық, Абай даңғылдары мен Есентай өзенінің бойы, яғни тарихи орталықтың тағы да 178 га жері модернизацияланады. Бұл шара қалаға бірыңғай архитектуралық келбет беру үшін жүргізілуде. Біз жаяу жүргіншілер үшін сапалы инфрақұрылым жасаудамыз әрі заңсыз конструкциялар, визуалды көріністер алынып тасталуда. Шындыққа жүгінсек, «келеңсіз экономикамен» күрес жүруде», -деді мегаполис басшысы.
Жалпы,1,3 мың заңсыз киоскілер, ескі үлгідегі билбордтар сүрілді.Бүгінгі күні ірі сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам ашық жұмыс жасауда. Екі жыл ішінде ғана модернизацияға 200 млрд. жеке қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешендері ашылды, бекеттер стихиялы базарлардан арылуда. 1810 көлік бекетінің 40%-ы жаңарды, жыл аяғына дейін олардың қатары 70%-ға жететін болады.
«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша 100 км қоршау алынды. Олардың орнына жасыл желектер отырғызылуда. Мысалы, ғимарат иелері 3 мың ағаш отырғызды, бау-бақ орталығы 100 мыңға жуық бұтақтар сатты. Биыл 28 км арық жөнделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, келер жылы 30 км арық жөндеу жоспарланған. Қалада соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды, яғни әрбір бесінші аула. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. «Менің ауламдағы спорт» әлеуметтік бағдарламасы аясында 6 мың бала 75 аулалық спорт алаңдарында шынығуда, оларды кәсіби нұсқаушылар жаттықтыруда.Егер бұрынғы жылдары 180 лифт пен 229 көппәтерлі тұрғын үйлер ғана жөнделсе, ал биыл 199 лифт, 151 үй жаңарды. Жаз айларында энергиялық тиімді матерлдардан 774 км желі қайта жасалды. Нәтижесінде апат пен үзіліс 22%-ға, жылу жоғалту 7,4%-ға азайды.
«Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгіленді, олар: мемлекеттік қызмет, қауіпсіздік, көлік, білім, денсаулық сақтау, электронды ПИК, Big Data.«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдаудың жаңа форматы ашылды мұнда қала тұрғындарына бір жерден қызмет көрсетіледі.
Қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Алматыда жолдарға, аулаларға, мектептерге, сауда орталықтарына 100 мыңнан астам камера қойылған. Соңғы 2 жылда ІІД-нің техникалық жарақтануы 23%-ға артып, 87%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен ІІД-не 19 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6%-ға көп. Жергілікті полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен, байланыс құралдарымен,планшеттермен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы,қалада тәртіп бұзушылық 8,6%-ға азайды, ауыр қылмыстарды ашу 9%-ға артты. ТЖ-дың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, яғни 2,6 есе көп. 9 ең қауіпті маренді көлдер бұғақталды, Медеу-Шымбұлақ жолдарының шатқалдары, ГЭС-1 Үлкен Алматы өзенінің жағалаулары нығайтылды. Жалпы ұзынды 11,6 км болатын үш өзеннің жағалаулары қайта жасалды. 2015 жылғы Қарғалы өзені селінің зардаптары жойылып, өзен арнасы заманауи тұрғыда қайта жасалды.
Денсаулық сақтау саласында оң динамика қалыптасты. Өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас, бұл - еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 9,2%-ға артты. Балалар өлімі 2,5 есе азайды.Туберкулёз сырқатына шалдыққандарды амбулаториялық емдеу 2 есе өсті, осы сырқаттан қайтыс болғандар қатары 36%-ға төмендеді. 9 жаңа объектінің құрылысы жүруде, оның бесеуі пайдалануға беріледі, сегіз нысанда сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылуда.2,5 млрд. теңгенің медициналық жабдықтары алынды, жедел жәрдем паркі 25%-ға жаңарды, 40 жаңа замануи көлік алынды. Екі көппрофильді стационарлар базасы негізінде тікұшақ қонатын алаңдар жасалды.
Жеке медицина ұйымдарының тұрғындарға қызмет көрсету үлесі артты.Жеке инвестиция есебінен репродуктивті медицина Институты ашылды. Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақ қағидасы бойынша қалада үздік клиникалардың халықаралық кластерін құру мәселесі қарастырылуда.
Қала мектептерінің физика, химия, биология, лингофон кабинеттері заманауи құралдармен 100% жабдықталған. Мектептердің барлығы кеңжолақты интернетпен толық қамтылған. Алматыда алғаш рет «Maker Space» – бағдарламалардың шеберлік идеясы, роботтехника, 3D принтинг жобасы қолға алынды. Екі жыл ішінде мектептерде 5,1 мың жаңа орындар ашылды. Қазіргі кезде 2 мектептің,2 қосалқы нысанның құрылысы жүруде.
Жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны 12 мыңға артуда, яғни 42 бала бақша қажет деген сөз. Жеке бизнесті ынталандыру арқасында 2 жылда коттедждерде 10,4 мың орынды 262 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды. Мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекемелерін оңтайландыру барысында тағы да қосымша 1200 орын пайда болды. Соның арқасында бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі тәрбиемен балалардың 81,2%-ы қамтылған,бұл ОЭСР елдері (84%) деңгейімен бірдей. Соңғы екі жылда Қалақұрылысы кеңесінде жеке инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу мәселесі қаралды, соның арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді. Биыл тұңғыш рет бір мезетте 21 мектеп пен 7 мектеп жасына дейінгі мекеме нысандары сейсмикалық жағынан күшейтілді, бұл рекордтық көрсеткіш.
Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Бүгінгі күні жеке скетордың 96 пайызы газға көшірілген, 2019 жылдың яағына дейін қала толық газдандырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. «Алматы апортын» қайта жаңғырту үшін 32 га жерге 5,9 мың алма ағаштары отырғызылды. Энергияны жаңарту жобалары - кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды.
Көлік проблемасын шешу экологияны жақсартатыны белгілі.Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді. Көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі жалғасатын болады. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құрайды, олардың 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар. Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толығады, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шықты. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өсті. FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады.
Қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалды. «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артты.
Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін үңгіленуде. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда,180 км жол орташа жөндеуден өтті, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейді.
«Алматы - сервисті экономика қаласы, мұндағы басты драйвер туризм. Қазірдің өзінде Алматыда табыстың төрттен бірі шетелдік туристерден түсуде. Нақтылы шаралардың арқасында жартыжылдың ішінде қалаға келген шетелдік турситер саны 22%-ға өсті. Бизнес пен туристер үшін маңызды мәселе – әуежай. VIP терминал,транзитті аймақ, ұшу залы кеңейеді, ұшу алаңын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Оқиғалы туризм дамуда, жыл сайын қалада халықаралық классикалық, джаздық, этнофестивальдер өтуде. Алматының басты артықшылығы– таулар, сондықтан біз тау шаңғысы туризмін дамытуды мықтап қолға аламыз», - деп атап өтті Алматы әкімі.
Сарапшылардың пікірі, бұқараның ескертпелері барысында «Көкжайлау» жобасына түзетулер енгізілді. Құрылыс алаңын 9 есе, шаңғы трассасын 2 есе, курорттың өткізу қабілетін 3 есе қысқарту арқылы ағаштар мен бұтақтарды кесу түбірінен өзгерді. Флора мен фауна шатқалдарына да еш зиян келмейді. «Шымбұлақтың» өз қуатынан асқанын ескерсек, «Көкжайлау тұрғындар үшін жыл бойына қолжетімді болады.
Қалада «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша назар аударылған. Бүгінгі күні құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба қолға алынған. «Туған жер» жобасына бизнес белсенді түрде араласып, әлеуметтік нысандар салуда. Жеке қаржы есебінен Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, 1,2 мың орынды мектеп салынды. Алатау ауданында жеңілатлетті стадион іске қосылды. Болашақта халықаралық деңгейдегі баққа айналатын Алматының Ботаникалық бағын модернизациялау жобасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша киелі жерлер тізімі жасалды, олар 22 объект, оның ішінен 5 объект Қазақстанның киелі жерлер картасына енді.
Бүгінгі күні қала тұрғындарының басым бөлігі - 35 жасқа дейінгі жастар, еліміздің әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды, сондықтан 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды.2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. «Алматы» ҰК ӘКК» АҚ жастар үшін жатақхана салатын болады. Биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады.
Қалаға қосылған елді мекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Екі жыл ішінде Алатау және Наурызбай аудандарында әкімшілік- іскерлік орталықтар қалыптасты. Универсиада арқасында 1,7 мың кезекте тұрғандар Атлеттер ауылынан жайлы пәтерлер алды. Жалпы, 9 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 300 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды, оның 42%-ы салық ретінде қайтарылды. Наурызбай ауданы құрылғалы бері 53 млрд. теңге жұмсалды. Қазірдің өзінде бұл қаржының төрттен бірі қайтарылды, ауданында салық түсімі 11 есе өсті. Ауданда әкімдік, АІІД, салық, әділет, сот, прокуратура,ХҚКО,Қазпошта, зейнетақы төлеу ғимараттары пайдалануға берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13892?lang=kk