АСТАНАДА 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АСТАНАДА 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.04.2025 16:54:41 1475

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2018 жылдың 25 мамырында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Ұлттық стандарттар - отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жыл сайын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, бизнес-қауымдастық, Қазақстан Республикасының экономикалық салаларының ұлттық стандарттарды әзірлеуде қажеттіліктерін ескере отырып, Мемлекеттік стандарттау жоспары құрылуда.

Отандық тауар өндірушілер ұлттық стандарттарды әзірлеу және қолдану туралы өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша отандық кәсіпкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысты ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/14197?lang=kk