2017 жылдың алғашқы тоқсанында өндірістік жарақаттану деңгейі 14,8%-ға төмендеді

2017 жылдың алғашқы тоқсанында өндірістік жарақаттану деңгейі 14,8%-ға төмендеді

10.04.2025 16:54:42 275

2017 жылдың 1 сәуірінде, ел аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, оқыс оқиғалар салдарынан 342 адам зардап шегіп, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8%-ға аз екенін байқатты (2016 жылы – 401).

Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 43 адамды құрап, былтырғы ұқсас уақыт аралығына қарағанда 8,6%-ға төмен болды (2016 жылдың алғашқы тоқсанында – 47 адам).    

Жалпы, 2016 жылдың қорытындысында, өндірістегі оқыс оқиғалар қатары сиреді.

Былтыр, өндірістегі оқыс оқиғалар салдарынан 1 мың 683 адам жапа шегіп, 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмен көрсеткішті аңғартты.

Адам өліміне соқтырған өндірісте жарақаттану саны 248 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімінен 1,2%-ға аз болды (251 адам).

Мұндай жағымды өзгерістерге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жұмыс берушілер тарапы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласында қолға алған шаралар кешенінің арқасында қол жеткізілді.

Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жағдайын жақсарту мақсатында, 2016 жылдан бастап, ел кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасауға бағытталған жаңа ҚР Еңбек кодексі күшіне енді.

Өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуде тың көзқарастар дүниеге келіп, жұмыс берушілер кеңес шешімдерін орындауға міндеттелді.

Бүгінгі таңда, ел кәсіпорындарында, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауда 11 мың 215 өндірістік кеңес құрылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар, ескерту-алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстарымен кәсіпорындарға барып отырады.

Бұдан тыс, Еңбек кодексінде, жұмыс берушілерді қызметтерін ерікті түрде декларациялау арқылы ынталандыру тетіктері қарастырылған.

Іс-қимылы еңбек заңнамасындағы қажетті талаптарға сай деп танылған жұмыс берушілерге, үш жыл мерзімге сенім сертификаты табысталады және тексерістер мен басқа да бақылау шаралары жүргізілмейді.

Қазіргі кезде аталмыш сертификатқа 87 жұмыс беруші ие болған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/14219?lang=kk