Алматы әкімі Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті

Алматы әкімі Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті

10.04.2025 16:54:53 242

Италияның экономикалық даму вице-министрі ТҚҚ қайта өңдеу, ТҮКШ жаңарту, құрылыс және «Смарт- сити» жобасы аясында атқарылатын түрлі бағдарламаларға итальяндық компаниялардың қызығушылық танытқандығын атап өтті.

Алматы әкімі өз кезегінде итальяндық компаниялардың машина жасау, энергия көздерін пайдалану, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажет қондырғылар шығару салаларында мол тәжірибелері бар екендігін, Алматыда жеке өндіріс орындарын ашу үшін шетелдік компанияларға «бір терезе» принципі бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек итальяндық компанияларды биылғы жылдың қазан айында өтетін «Almaty Invest» халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14670?lang=kk