Алматыда қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті

Алматыда қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті

10.04.2025 16:57:03 341

Мемлекет басшысы білім саласы сананы жаңғыртудың басты бағыттарының бірі екенін айта келіп,«экономикалық өсімнің жаңа моделі ретінде білім беруді орталық буын ретінде қабылдау қажет. Оқу бағдарламалары сыни ойлау мен ақпаратты өз бетінше іздеуді дамытуға ықпал етулері тиіс» деген болатын. Қазірдің өзінде оқу бағдарламалары IT- білімді қалыптастыруға, сыни ойлауды, үш тілділікті дамытуға орайластырылған. Латын әрпіне көшу басталды, бұл Қазақстанға әлемдік білім мен ақпараттық кеңістікке тез қалыптасуға,озық тәжірибені енгізуге ықпал етумен қатар қазақ тілінің төл табиғатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер толық жүзеге асуда. Қала басшысы өзінің сөзінде басты мақсат - мегаполистің еліміздің білім мен ғылым орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту, оқушыларды даярлау мен педагогтар құрамының сапасын арттыруда жетекші позициясын сақтау екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту қажет екенін жариялады. Уақыт үрдісіне сай сананы өзгерту – бұл бірыңғай Ұлт пен жауапкершілігі жоғары адамдарды қалыптастыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Біздің ортақ мақсатымыз – білімді,денсаулығы мықты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленген жас адамды қалыптастыру. Жастар сананы өзгертудің, ашықтық пен прагматизмнің қозғаушы күшіне айналулары тиіс. Олар туған тілдеріне, туған әдебиетке, мәдени мұраға адал болып, өз елінің шынайы патриоты бола алады. Балаларымыздың, қаламыздың, еліміздің болашағы сіздерге байланысты, құрметті ұстаздар. Алматыда білікті және дарынды мүғалімдер жұмыс істейді. Мен Сіздердің барлықтарыңызға барынша қиын әрі өте жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Нағыз мұғалім – балдырғанның бойына білім шырағын, өзіне деген сенім мен үміт отын жағатын қасиетті жан.Тек мұғалім ғана адамның бойына жақсылық нышандарын сеуіп, болашағына жол ашады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Қалада соңғы 5 жылда 15 мың орынды 280-нен астам бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылдың өзінде ғана жергілікті бюджет қаржысы есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ» және «Қалқаман» ықшам аудандарында мектеп жанынан 1800 орынды қосалқы нысандар пайдалануға берілді.

Биылғы жылы 6 бала бақшаның құрылысы басталды. «Өжет» елді мекеніндегі №156 мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы нысан салынуда. Алатау және Наурызбай аудандарында 2600 орынды мектеп пен қосалқы нысан салуға қаржы бөлінді.

Мемлекеттік -жеке әріптестік аясында өткен жылы жеке қаржы есебінен 175 бала бақша мен 5,7 мың орынды мини-орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2000 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан болған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.

Қаланың Қалақұрылысы кеңесінде тұрғын үй салу мәселесі қаралған кезде мектептер мен бала бақшаларға ерекше мән беріледі. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша, 3 мың орынды 24 бала бақша салуға шешім қабылданған. Кейін бұлар коммуналды меншікке беріледі. Осының арқасында 24 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.

Биыл алғаш рет бірден 28 нысанды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. Бұл мақсатқа 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылына дейін жоспар бойынша 10 объектідегі жұмыс аяқталады, бұлар 4 мектеп пен 6 бала бақша. Ал қазан айында 9 мектептегі, желтоқсанда 8 мектеп Үміт үйіндегі жұмыстар бітеді..

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап Жаппай тегін кәсіптік- техникалық білім» бағдарламасы қолға алынды. Қала бюджетінен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Ал бұл жұмысшы мамандығын қажет ететін еңбек нарығына 11 мың адамды тегін оқытуға мүмкіндік береді.Кәсіптік білім беретін қысқа мерзімді курстар 14 есе ұлғайған, яғни 7 мыңнан астам адам кәсіби білім алды.

«Бүгін ата- аналар баласын ЖОО-да оқыту үшін соңғы ақшаларын береді. Олар кейін жұмыссыз қалмай ма деп ойланбайды. Мысалы, Алматыда ЖОО түлектерінің 70% -ы қалып қояды. Бірақ олар алған мамандықтары бойынша қызметке тұра алмайды. Өйткені, еңбек нарығына олар қажет емес. Ал бүгінгі күні жұмысшы мамандығы өте тапшы. Қазіргі жұмысшылар бұрынғыдай май сіңген арнайы киім кигендер емес. Қазіргі жұмысшылар IT-технологияны, күрделі қондырғыны меңгерген, ойлау қабілеті жоғары жандар. Мұғалімдер жастарға осы мәселені жете түсіндірулері, олардың өз болашақтарына прагматикалық тұрғыдан келуді бойларына сіңірулері тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай барынша жақсы өмір сүруге,білім мен салауатты өмір салтына, кәсіби жетістікке ұмтылу – тәрбиедегі прагматизм болып табылады», - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі өзінің сөзінде ортаның адам санасын өзгертуге ықпал ететінін айтты. Осыны басшылыққа ала отырып, қаланы қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

«Қала адам үшін Философиясының» негізі қала кеңістігін жақсартып, тұрғындардың қоғамдық өмірін барынша жайлы етумен анықталады. Мұның басты принциптері – қаланы көлік жүктемесінен азайту, нарықтық негізде жұмыс жасайтын тиімді, тұрақты қоғамдық көлікті қалыптастыру. Қалалықтардың жаяу немесе велосипедпен жүруін қамтамасыз ету. Сапалы инфрақұрылымның арқасында жүргіншілерге жағдай жасау, бұрынғы визуалды қоқыс – ескі билбордтар мен дүкендерден, ретсіз жарнамадан арылу. Қоғамдық кеңістік адами ауқымға сай жасалады. Жүргінші кеңістігі адамдарды пәтерлерінен шығарып, ауамен тыныстауға шақырады. Ата- аналар мен олардың балаларына салауатты өмірді ұсынады. Бұл салауатты құндылықтар – отбасын, экологияны, дұрыс өмір салтын тек жақсы жақтарға бұрады», - деп атап өтті әкім.подчеркнул аким города.

Алматы әкімі қаланың тарихи орталығының 30%-ға жаңарғанын, Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Кабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының, Байсеитов, Төлебаев көшелері мен Есентай өзені жағалауының осы мақсатқа сай жаңғырғанын айтты. Бұл көшелерде жүргіншіге басымдық берілген, қоғамдық кеңістік кеңейіп, веложолдар салынып, жасыл желек отырғызылған. Жыл аяғына дейін 500-ден аса балалар алаңдары ашылады.

Бүгінгі күні қала тұрғындарының бойына ашық ойды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптасыру ісі қолға алынған.Бұл үшін «Оңай» жол картасы енгізілді қолмақол ақшасыз көлік тұрақтары пайда болуда, заңсыз нысандар сүрілуде. «Осы шаралар көлеңкелі экономиканы едәуір төмендетті, салық түсімін арттырды, ал бұл бюджеттік қызметкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, жаңа бала бақшалар мен мектептер», - деді ол.

Б. Байбек өзінің сөзінде 2017 жыл Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланғанын, осыған орай тиісті Жол картасы жасалғанын айтты .2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланған.1200 орынды жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірігіп құнды бағдарлама жасалуда, соның арқасында жас отбасылар жаңа пәтер алу үшін жеңілдетілген заёмға қол жеткізе алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14906?lang=kk