Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

29.10.2025 18:20:56 73

Мерократия қағидаты бойынша Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Құдайбергенов Ринат Мәжитұлы тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Білімі - жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Қызылорда облысының қаржы жүйесінде: Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек тәжірибесі бар.

Соңғы 2,5 жылда Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1095379?lang=kk