ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕРДІҢ ҮШІН 2016 ЖЫЛ

ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕРДІҢ ҮШІН 2016 ЖЫЛ

10.04.2025 16:57:10 1610

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 18 қаңтарында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің 2016 жылғы есебінің қорытындысы бойынша жұмыс отырысын өткізілді.

ТК қызметтерін бақылау (мониторинг) жүргізіліп, оның нәтижелері «ең үздік практик», яғни тәжірибешіл әрі белсенді 19 ТК (6-ТК, 18-ТК, 30-ТК, 34-ТК, 40-ТК, 42-ТК, 46-ТК, 53-ТК, 65-ТК, 66-ТК, 72-ТК, 76-ТК, 78-ТК, 79-ТК, 85-ТК, 91-ТК, 92-ТК, 93-ТК, 96-ТК) және орта белсенділікті 19 ТК (44-ТК, 54-ТК, 55-ТК, 61-ТК, 62-ТК, 63-ТК, 67-ТК, 73-ТК, 77-ТК, 83-ТК, 86-ТК, 88-ТК, 89-ТК, 90-ТК, 94-ТК, 95-ТК, 97-ТК, 98-ТК, 99-ТК) жұмысын көрсетті.

 

Жиынға 35 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер өкілдері қатысты.

Жұмыс отырысында:

- стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің 2016 жылғы қорытынды есебі;

- «Стандарттау туралы» Заңы шеңберінде жаңа үлгіде жұмыс жасау бойынша техникалық комитеттердің рөлі және функциялары;

- ИСО ТК, МТК және басқа салалық халықаралық ұйымдар (ASTM, ASME, API, SAC, т.б.) шеңберлерде ынтымақтастық жасау;

- нормативтік және техникалық құжаттарды талдау, ғылыми жұмыстарды атқару, кәсіпкерлік-бірлестіктермен жұмыс жасау, ТК қызметі басты сұрақтарын айқындау мақсатында ТК-ның келешектегі жұмыстарын жоспарлау сияқты өзекті сұрақтар қарастырылды.

Бұдан басқа ерекше ықыласпен стандарттарды әзірлегенде жаңа кезеңдер мен процесстер, дауыс беру, техникалық талқылау мен бәтуаға келу, ТК-ның жаңа үлгіде жұмыс жасау және ТК құрамына сарапшы бірлестіктер, академиялық орта, өндірушілер, «Атамекен» ҰКП-сы мен тұтынушы қауымдастық өкілдерінің кіру сұрақтары қарастырылған.

Жиын қорытындысы бойынша техникалық комитеттер:

- техникалық талқылау және дауыс беру рәсімдері бойынша өз ұсыныстарын;

- заңдық нормативтік актілерді қарастырып бойынша өз ұсыныстарын;

- ТК құрамын заң жобасындағы жаңа талаптарға сай қалыптастыру;

- ТК-ның ИСО ТК, МТК комитеттер шегінде жұмыстарын жандандыру;

- 2018-2020 жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарларына ұсыныс беру керек.

Тағы да техникалық комитеттерге техникалық талқылау өткізу бойынша сынамалы ТК құру мәселесін қарастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15103?lang=kk