Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев Маңғыстау облысындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтты

Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев Маңғыстау облысындағы еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері туралы айтты

11.04.2025 00:12:34 385

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын Жаңаөзен қаласы активімен және қоғам белсенділерімен бірге талқылады.

Жұмыспен қамту, МӘСҚ енгізу, кәсіптік даярлау және жастарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев еңбек ресурстарының ағындары бойынша Жол картасын бағалау, нәтижелі жұмыспен қамту, өңірдің жаңа экономикасы мен еңбек ұтқырлығы үшін кадрлар даярлау бойынша міндеттер туралы баяндама жасады.

Вице-министрдің айтуынша, 2001 жылдан бері жұмыс күші екі есеге, 146 мыңнан 296 мың адамға дейін ұлғайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатары 24 тен 66% -ға дейін азайды.

«Маңғыстау облысы – жұмыс тапшылығы сезілетін өңірлерден көшіп баратын адамдар үшін еңбек күші мол аймақ. Осы жылы бұл аймаққа көшіп келушілер қатары екі есеге артты. Тағыда 2328 отбасын (9,4 мың адам) қоныстандыру жоспарда бар»- деді Нұржан Әлтаев.

Сонымен қатар, вице-министр жұмыспен қамтылған облыстың білім беру құрамы бірегей болып табылады, себебі жұмыс істейтін аймақтың 72% -ы техникалық және кәсіптік білім алатындығына тоқталды. Бұл көрсеткіш барлық өңірлер арасында ең жоғарғы болып отыр.  (ҚР 37%). Мектепте білім алған кадрлар 2%-ды құрайды (23% ҚР). Жалпы, Маңғыстау облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3,3 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінде аталған бағдарламаға қатысушылар қатары 7,6 мың адам болды. 7,5 мың адам жұмысқа орналасса, оның 3,7 мыңы (49,3%-ы) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының төртінші бағытын іске асыру бойынша Маңғыстау облысына қосымша 1,3 млрд теңге (барлығы 2,0 млрд. теңге) бөлінді. Бұл қаражат ауыл мен қалалық жерлерде шағын несиелеу ауқымын кеңейтуге бағытталып отыр. Шағын несиемен кем дегенде 422 адамды қамту жоспарланып отыр.

Вице-министр Н. Әлтаев өз сөзінде азаматтардың мәртебесін анықтауда атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Осылайша, жыл басында осы ақпараттық жүйелерді талдау кезінде 72,5 мың адам анықталып, олар ешқандай деректер базасында жоқ болып шықты. Дәл қазір 24 мың адамның (33%) мәртебесі анықталды.

«Дегенімен аймақта әлі де 39,8 адамның статусы анықталмай отыр. Сондықтан Жаппай жұмыспен қамту бағдарламасына тұрғындарды тарта отырып, әкімдіктермен белсенді жұмыстар атқаруы керек» - деді Нұржан Әлтаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18310?lang=kk