ЕАЭО ТР, КО ТР ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЕАЭО ТР, КО ТР ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

11.04.2025 00:22:22 1597

2017 жылдың 17-наурызында «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалы және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 033/2013 №2 өзгеріс жобасын қарау» және «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 007/2011 стандарттар тізбесіндегі өзеріс жобасын қарастыру» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына мемлекеттік органдар СРО, СР/СО, Маңғыстау облысындағы сүт өнімдерін және балаларға арналған тауарлар (балалар мен жасөспірімдер аяқ киімін) өндіруші-кәсіпорындардың өкілдері  қатысты.

Отырыста «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 033/2013 №2 өзгеріс жобасы қарастырылды. Сондай-ақ, отырыс барысында өлшеу, зерттеу (сынақ) әдістері мен ережелерді қамтитын, соның ішінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) және қолдану нәтижесінде ерікті түрде КО ТР талаптарының орындалуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесіндегі талаптарды орындауға және қолдануға қажетті үлгілерді іріктеп алудың ережелерін қамтитын стандарттар тізбесіндегі өзгеріс жобалары ұсынылды.

Отырысқа бизнес субъектілерінің,  мемлекеттік органдар және СРО өкілдерінің  белсене қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, қатысушыларға саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша ДСҰ Келісімі жөнінде түсінік беріліп, ҚР өнімдерін каталогтаудың ақпараттық жүйесі туралы  қысқаша ақпарат айтылып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша  өлшеу, зерттеу (сынақ) әдістері мен ережелерді қамтитын, соның ішінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) және қолдану нәтижесінде ерікті түрде КО ТР талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін стандарттар тізбесіндегі талаптарды орындауға және қолдануға қажетті үлгілерді іріктеп алудың ережелерін қамтитын стандарттар тізбесіндегі өзгеріс жобаларына қатысты ұсынысты Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығы және «ҚазСтИн» РМК ЕГФНТД орталығы мекен-жайына жолдау туралы шешім қабылданды.

Қатысушыларға, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 033/2013 №2 өзгеріс жобасы мен толыққанды танысып, қарағаннан кеін, ескертулер мен ұсыныстарды «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалына жолдау ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18345?lang=kk