«СКУТЕР» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

«СКУТЕР» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

11.04.2025 03:27:32 2213

Жаз маусымы кезеңінде су көлігінде жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында Қазақстанда «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Тексеру барысында шамамен 5,6 мың шағын көлемді кеме тексерілді (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.), сондай-ақ 744әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте, әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелген.

Анықталған заң бұзушылықтардың негізгі түрлері:

- кемелерді жеке құтқару жабдықтарынсыз пайдалану – 471 оқиға;

- кемені құжатсыз пайдалану – 117 оқиға;

- кеме басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану – 86 оқиға;

- белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық тексеруден өтпеген және борт нөмiрлерi жоқ кемелерді басқару – 35 оқиға.

Сонымен қатар, Көлік комитетінің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар өткізген.

Анықтама ретінде: Көлік комитеті іске асыратын «Скутер» республикалық акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18967?lang=kk