Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

11.04.2025 05:52:29 418

Сейсенбі, 2 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитныймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың келешегін талқылады және одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Халықаралық ұйым басшысын қарсы алғаннан кейін Бердібек Сапарбаев ЮНИСЕФ-тің әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Біз Министрліктің балалы отбасыларға мемлекеттік көмек көрсету шараларын күшейту жөніндегі қызметін қолдаймыз, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті жаңғырту жөніндегі міндеттерді тиімді орындау үшін осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Бұл біздің ортақ басымдылығымыз», - деді Ю. Оксамитный.

ЮНИСЕФ өкілі балаларға әлеуметтік қолдау жүйесін кешенді дамытуды көздейтін стратегиялық бағдарламалық құжат әзірлеуді ұсынды.

«Біздің тарапымыздан, әсіресе стратегиялық құжатты әзірлеуге қатысты қолдау көрсетілетін болады. Біз қазақстандықтардың, оның ішінде балалар мен көп балалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша Елбасының тапсырмасы аясында өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді Б. Сапарбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19544?lang=kk