Еңбек министрлігінде депутаттарға МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері көрсетілді

Еңбек министрлігінде депутаттарға МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері көрсетілді

11.04.2025 06:12:31 374

Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің, «Ауыл» ХДП, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Қазақстан Республикасы қаржыгерлер қауымдастығының, ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ), Еңбек ресурстарын дамыту орталығының және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Парламент Мәжілісі депутаттарына заң жобалары бойынша ұсынылған түзетулер қаралды және осы заң жобалары бойынша енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері таныстырылды.

Заң жобаларын қабылдаудың мақсаты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту; халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын ынталандыру болып табылады.

Заң жобаларын қабылдау нәтижесінде МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер кемінде 30% - ғы өседі. Бұл азаматтардың ресми жұмыспен қамтылуға мүдделілігін арттырады, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттырады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуды ынталандырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19628?lang=kk