Қазақстандық сот сарапшылар Лондонда қылмыстық іс бойынша зерттеу жүргізуде табысқа жетті

Қазақстандық сот сарапшылар Лондонда қылмыстық іс бойынша зерттеу жүргізуде табысқа жетті

11.04.2025 06:57:33 352

Сараптама жүргізу жөніндегі әлемдегі жетекші мекемелердің бірі, халықаралық аккредитациядан өткен - Лондон Королдық колледжі (King’s College London) Қазақстандық сот сарапшыларын қылмыстық іс бойынша бірлесіп зерттеулер жүргізуге шақырды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының молекулярлы-генетикалық сараптама саласындағы сот сарапшылары Іңкәр Тәжіғұлова мен Дәурен Дубербаев King’s College London сарапшыларымен бірлесіп тұлғаны тану, балауыз қалыпқа салынған өлі дене мен тірі тұлғаның тіндерін зерттеу бойынша сараптамалар жүргізді. Мұндай объектілер осы зерттеу түрі үшін өте күрделі екендігін айта кету керек.

Қазақстандық сарапшылар зерттеу жүргізу кезінде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, Қазақстанда осы сараптама саласында қолданылатын өз тәжірибелерімен, зерттеу тәсілдерімен бөлісті. Британдық қызметтестер Қазақстандық сарапшылардың дайындық деңгейін жоғары бағалады. Қазақстан үшін осындай халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі біздің сарапшылардың жоғары біліктілігінің көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі уақытта Әділет министрлігі сот-сараптамалық қызметті реформалау үстінде. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Бүкіләлемдік банк арасындағы Әділ сот секторын институционалдық нығайту жобасы туралы келісім қазақстандық сот сарапшыларына жақын және алыс шетелдердің жетекші сараптама орталықтарында білім алу және өз біліктілігін көтеруге мүмкіндік берді.

80 сарапшы Ұлыбритания, Түркия, Литва және Беларусь Республикасында біліктілігін көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19809?lang=kk