Адвокаттық қызмет бойынша дөңгелек үстел өткізілді
11.04.2025 06:57:34 61623.05.2018 жылы Алматы облысы Әділет департаментімен, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіру және мемлекеттік кепілдік көрсетілген заң көмегі бойынша туындаған мәселелерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға сот, құқық қорғау органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Алматы облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында адвокаттар алқасының өтінімдерінің жолдау мерзімі, сондай-ақ сот, құқық қорғау органдарының қаулыларындағы кемшіліктер талқыланды.
Алматы облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19812?lang=kk