Анонс «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»
11.04.2025 07:12:30 451Ағымдағы жылғы 18 мамырда сағат 10.00-де Әділет вице-министрі Н.Панның басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыста:
1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – Әділетмині);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ЕжХӘҚМ);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасын қарастыру («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын Парламентке енгізу мерзімін маусымнан тамызға ауыстыру туралы) (әзірлеуші - Қаржымині) көзделген.
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 17 мамыр сағат 18.00-ге дейін
pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19863?lang=kk