ЕҰУ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРЫ БІТІРІП ШЫҚТЫ
11.04.2025 10:12:50 1878Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте көлік-энергетикалық факультетінің бітірушілеріне дипломдарды салтанатты түрде тапсыру іс-шарасы өтті. Оқу-әкімшілік корпусының Бірінші Президент аудиториясында диплом тапсыруға оқу ісі жөніндегі проректор, жұмыс берушілер, депутаттар, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша үздік бітірушілерге «ҚазСтИн» РМК басшылығының өкілі тапсырды.
Осы оқу жылында 61 студент «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша білім алды. 21 бітіруші үздік диплом алды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет – біздің елімізде ғана емес, шетелдерде де жетекші оқу мекемесі. ЕҰУ-не өткен жылы 20 жыл толды. Кеше ғана құрылғанына қарамастан, университеттің алдыңғы қатарлы құзыретті, әлеуметтік капиталды, инновациялық қалып тәжірибесі бар бітірушілерді дайындауда әлеуеті жоғары.
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасын бітірушілер жақсы теориялық білім мен қолданбалы дағдыларға ие. Кафедраның бітірушілерінің көпшілігі еліміздің әр жерінде техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс істеуде.
Техникалық реттеу және метрология комитеті университетпен тығыз ынтымақтасады. ТРМК және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының ынтымақтастық аспектілері көп қырлы. Бұл – «ҚазМетрИн» РМК зертханалары базасында және «ҚазСтИн» РМК қабырғасында іс-тәжірибеден өту, диплом жұмыстары мен магистр диссертацияларына рецензия беру, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және басқалар. «ҚазМетрИн» РМК және «ҚазСтИн» РМК базасында кафедраның филиалдары ұйымдастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20518?lang=kk