"Жас сарбаз" балалар студиясының бишілері XI аймақтық Дельфий ойындарында үздік атанды
11.04.2025 11:08:08 1010
Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда XI аймақтық Дельфий ойындары өтті.
Онда "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының би тобы "Халық биі" (10-13 жас санаты) номинациясында бірінші орынды иеленді. Шығармашылық сайысқа елорданың 15 би ұжымы қатысты.
- Біз жақында ғана Ташкенттен оралдық. Онда I Love tо danсе халықаралық байқауында бишілеріміз Гран-при мен "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңістердің бәрі тәрбиеленушілердің шығармашылық тұрғыда жетілуіне деген ұмтылысын арттырады, –деді "Жас сарбаз" балалар студиясының көркемдік жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.
Енді үш би ұжымы, оның ішінде "Жас сарбаз" студиясының тәрбиеленушілері алдағы маусым айында Қарағандыда өтетін Ұлттық дельфий ойындарында Астананың намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970585?lang=kk