КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА РҰҚСАТ АЛУ РӘСІМДЕРІН ҚЫСҚАРТАТЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҮЗЕТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
11.04.2025 11:42:50 1712ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мамандары Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізу жөнінде түсіндіру кеңесін өткізді.
Жаңашылдықты енгізудегі басты мақсат – құрылысқа рұқсат беруді жеңілдету және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде «Құрылыс жүргізуге рұқсат алу» көрсеткіш нәтижесін жақсарту. Осы орайда, комитет Заңға түзетулер енгізу бойынша 6-шы пакетті дайындап, маңызды құжаттан бірнеше рәсімдерді алып тастауды ұсынып отыр. Егер де бұл жаңашылдық Парламентте бекітілетін болса, онда құрылысты жердің топографиялық түсірілімінсіз, тұжырымдамалық жобалау келісімінсіз іске асыруға болады. Сондай-ақ, инженерлік желілерді сумен жабдықтау ұйымдары сәулет және қала құрылысы органдарының тиісті келісімінсіз жұмыс жүргізе алатын болады.
Осы жоспарланған шаралар жүзеге асқан жағдайда, құрылыс салуға рұқсат алу рәсімдерінің қысқаруы Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын айтарлықтай жақсартатын болады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20878?lang=kk