ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖОСПАРДАН ТЫС МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРІ

ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖОСПАРДАН ТЫС МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРІ

11.04.2025 11:58:00 1589

2016 жылғы ақпан айында "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуімен, ШҚО бойынша ТРжМКД жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы Заңның талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Казақстанның зергерлер лигасы» ЗТЖКБ өтінішіне және Қазақстан Республикасының Президентінің әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ШҚО бойынша ТРМКД жоспардан тыс мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша 15 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 1 134 500 теңге  сомасына айыппұл салыну түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. Зергерлік бұйымдарды сату сатысында тексерулер  жүргізілді.

Негізгі анықталған бұзушылықтар:

-  атаулы таңбасының, бұйымды дайындаушыны  куәландыратын зергерлік бұйымға қойылатын арнайы белгісінің болмауы;

- «Барыстың басы» бейнеленген  нысаны бар бірыңғай сынамалық таңбасының, уәкілетті ұйымының коды бар Қазақстанның халықаралық аббревиатурасының болмауы;

-  уәкілетті ұйымнан берілген қорытындысының болмауы;

-  мемлекеттік бақылау актісінің болмауы.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 12 018 280 теңге сомасына сәйкес келмейтін 237 бірлік санында зергерлік бұйымдарға барлық тәртіп бұзушылықтар жойылғанша сатуға тыйым салынды.

Осыған орай, ҚР «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Заңының талаптарының бұзылғаны туралы фактілер болса,  техникалық реттеу және метрологиялық  комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз. Телефон нөмірлері: 267358, 254523.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20937?lang=kk