ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАРЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАРЫ

11.04.2025 13:07:48 1595

2017 жылдың 10 сәуірінде, Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес бекітілген.) және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша Кешенді жоспар аясында «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» тақырыбында ақысыз семинар басталды.

Семинар 3 күн жалғасатын болады. Іс-шараның ұйымдастырушлары ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.   

Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде,  Қазақстан Республикасының белсенді интеграция аясында, Қазақстанның өнеркәсіптік ұйымдары халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес, техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы түрлі деңгейдегі қызметкерлерінің (қарапайым мамандардан бастап, инженерлер мен менеджерлерге дейін) біліктілігін арттыру қажеттілігі бар.

Семинарға Қызылорда облысы бойынша азық-түлік өнімдерінің өндірісі (45 маман) және агрохимия саласының (48 маман) 93 маманы оқытылуда.

Бұған дейін, осындай семинар 2015, 2016 жылдары ұйымдастырылып, онда «Мұнай-газ, химия» саласы бойынша 180-нен аса маманның біліктілігі арттырылды.

Осындай семинарлар халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізу және сертификаттау, ірі, орта және шағын бизнес отандық кәсіпорындардың ынталандыру әкеледі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламенттерін пайдалану және енгізу, Қазақстандық бизнес-қауымдастық әлемдік нарықта оның экономикалық орнын алуға мүмкіндік береді.

Жобаның маңыздылығын ескере отырып, дәрісті өнеркәсіптің басым секторларының жетекші сарапшылары Кедендік Одақ және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерін әзірлеушілер мен бағыт бойынша сарапшы-аудиторлар жүргізеді.

Семинардың ашылу салтанатына техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Кеулімжаев Ерқанат Бозқұланұлы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21185?lang=kk