ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
11.04.2025 14:03:22 1473«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) мен «Қазақстанның Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ («ҚИК» ИҰ» АҚ) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес компаниялар іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлерінде көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару және күтіп ұстаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу мәселелері бойынша пилоттық жобаларды іске асыратын, тұрғын ғимараттардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша МЖӘ жобаларын іске асыратын және қолдайтын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бірыңғай ақпараттық жүйені енгізетін, сондай-ақ жалпы мүлікке күрделі жөндеу жүргізуге қаражатты жинау тетіктеріне сынақ жүргізетін болады. Осы іс-шаралардың бәрі тұрғын үй қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге және еліміздің тұрғын үй қорының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстанның ипотекалық компаниясымен ынтымақтастық көппәтерлі тұрғын үйлерді кәсіби басқару және күтіп ұстау қадамдарының бірі. Ал, өңірлерде пилоттық жобаларды іске асыру тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.
Өз кезегінде, «ҚИК» ИҰ АҚ Басқарма төрағасы Әдім Мұхамеджанов ТКШ ҚазОрталығының жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруға орасан зор мүмкіндігі бар екенін, сондықтан бірлескен жобаларды іске асыру кезінде бірқатар ұйымдастыру және техникалық проблемалардың алдын алуға көмектеседі, деп атап көрсетті.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі ТКШ жаңғырту және дамытудың оңтайлы моделін айқындау және осы салаға инновациялық технологияларды енгізу. Қазіргі уақытта компания инновациялық технологияларды Қазақстан Республикасында қолдану үшін тұрғын үй қорын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерттеуде.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ(«ТКШ Қазорталығы» АҚ)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық Ұйымы» АҚ миссиясы қаржы операторы ретінде ипотекалық несие беру, «Стратегия-2050» қойылған әлеуметтік бағдарланған міндеттерді орындау мақсатында жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғындардың басым көпшілігіне беру арқылы тұрғындарды тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді арттыру тетігі арқылы Қазақстан Республикасының халқы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясатын іске асыру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21407?lang=kk