Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді

Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді

11.04.2025 14:58:03 1843

Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді.

Сот төрелігі академиясы - "Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша бір жылдық бейіндік магистратура шеңберінде сот жүйесі үшін кадрларды арнайы даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны.

 Сюжетте судья мамандығына кіру жолдары, Академияда оқу процесі және академияға түсуге ниет білдірген кандидаттарға қойылатын талаптар айтылады. Сонымен, судьялыққа жоғары заң білімі және заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жасы 29 жастан кем емес азаматтар үміткер бола алады.

Сот төрелігі академиясының оқытушыларының 75% - ы қызметтегі судьялар. Түлектердің 95% - дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, бос судья лауазымдарына конкурстарға қатысады.

Сот төрелігі академиясы судьяларды даярлау жүйесінің маңызды элементі болып табылады және ол өткен жылдың жазынан бастап Жоғарғы Сот Кеңесінің қарамағына берілді. Бұл Сот білімін жаңғыртуға және оның сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық және уақтылы қадам.

"Биылғы жылдың басында мен академияны дамыту тұжырымдамасын бекіттім, онда ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураны ашу, білім беру бағдарламаларының теориялық және практикалық құрамдас бөліктерін күшейту көзделген", — деп атап өтті ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.Малахов.

Сот төрелігі академиясын Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру оны жан-жақты жаңғырту және одан әрі жетілдіру үшін берік институционалдық негіз құрды. Бұл жаңа білім беру бағдарламаларын дәйекті түрде енгізуге, теориялық және практикалық дайындықты күшейтуге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде сот білімінің сапасын арттыруға және сот төрелігіне қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/971461?lang=kk