МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕУРОАЗИАТТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ (КООМЕТ)
11.04.2025 16:13:28 16782017 жылдың 26 сәуірінде қазақстан делегациясы «ҚазМетрИн» РМК бас директоры Т.Д. Тоқановтың жетекшілік етуімен Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуроазиаттық ынтымақтастығы (КООМЕТ) семинарына қатысты. Осы семинар КООМЕТ құрылуының 25 жылдығына арналған. Семинар шеңберінде КООМЕТ ынтымақтастығының тарихы мен басталуы туралы баяндамалар ұсынылды. Өлшеудің қазіргі заманғы базасын құру және ғылым, өнеркәсіп пен саудадағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі міндеттерге талқылау жүргізілді.

КООМЕТ үшін маңызды міндет метрологиялық институттарды, өлшеу және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу саласындағы жұмыстарды дамыту үшін КООМЕТ-тің мүдделі 21 қатысушы елінің ынтымақтастығын дамытудың ықтимал нысандарын іздеу болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21922?lang=kk