КӨКТЕМНІҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБАЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

КӨКТЕМНІҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБАЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

11.04.2025 16:57:09 1824

27-ші сәуір күні Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде стартап жобалардың көктемгі сайысы өтті. Іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктірді: «Startup Day», «TG Cup» және «Microsoft Imagine Cup».

Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырды. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері ретінде қатысты.

«Startup Day» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі бойынша 4 үздік жоба анықталды:

  1. «OrionМ2М»: Деректерді қашықтан жинау мен табыстауға арналған шешім (LPWAN желісі) - 1 000 000 теңге;
  2. Резонанстық маятникті жел қозғалтқышын әзірлеу: жел әсерінен конструкция ішінде резонанс туғызатын инженерлік шешім - 500 000 теңге;
  3. Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль: шынымата негізінде көміртек нанотүтікшелермен қапталған электрөткізуші текстильді жасау технологиясы - 250 000 теңге;
  4.  «LinguaHub»: тіл үйрену курстарын іздеу мен тіркелуге арналған онлайн плтаформа - 250 000 теңге.

TG CUP хакатонының нәтижесінде, қазақстандық Starttime.kz краудфандинг компаниясының маселесін шешу жолын ұсынған «Bizmo»жобасы марапатталды (құжаттарды цифрлық жолмен тексеру мүмкіндігі бар, келісімшарттарды тапсыруға арналған веб-сервисті құру). Қазіргі уақытта серіктестік орнату мәселесі қарастырылып жатыр.

Студенттер арасындағы технологиялық «Microsoft Imagine Cup» байқауының жеңімпазы «Ontime» жобасы болды: ұйқыға, жұмысқа, спортқа, әлеуметтік желілерге жұмсалған уақытты тіркейтін мобильді қосымша. Жобаны әзірлеген топ мүшелері Қазақстан атынан Киев қаласында өтетін өңірлік финалға қатысады. Өңірлік финалдың жеңімпазы АҚШ-та өтетін, жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын жаһандық финалға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Барлық байқаулардың нәтижесінде Almaty Tech Garden акселерациялық бағдарламасына келесі 8 жобалар өтті: «Novus Capital», «Mineral», Фролов Кирилл (TG CUP хакатонының қатысушысы), «Programmator», «Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto» және «Ontime».

 «Тұран» университетінің фирмалық жүлделеріне ие болған жобалар келесідегідей: «Novus Capital», «Mineral», «Programmator», «Ontime», «Mbionics», «bee», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto», «Orion M2M».

 

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.

«ИТП» ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару мекемесі болып табылады. «ИТП» ДКҚ-ның әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардың дамуына инвестиция тартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22093?lang=kk