«АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА» АЭА ҚАТЫСУШЫ – КӘСІПОРЫН «КСС-АСТАНА» ЖШС БАРУ

«АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА» АЭА ҚАТЫСУШЫ – КӘСІПОРЫН «КСС-АСТАНА» ЖШС БАРУ

11.04.2025 18:22:13 1696

2017 жылдың 26 қазанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақсатаныда «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушы – кәсіпорын «КСС-Астана» ЖШС бару ұйымдастырылды.

Осы іс – шарада «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.

Өткізілген іс-шара кәсіпорындарға техникалық реттеу және метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу облысындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге, сондай-ақ Халықаралық экономикалық форумның Бәсекегеқабілеттіліктің әлімдік индексі шеңберінде «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсартуға бағытталды.

«КСС-Астана» – бұл шыны өңдеу саласында еншілес кәсіпорын. Олар инновациялық технологиялармен жоғары сапалы өнім шығаруға, құрылыс және арнайы мақсаттарға арналған шынының барлық түрлерін өңдейді.

Келіссөз барысында кәсіпорынның келесі, өнімді сынау кезінде өлшеу құралдарын пайдалану, өлшем құралдарын тексеру, өлшем жүргізу әдістемелерін қолдану, сынақ зертханасын аккредиттеу, Астана қаласының сынақ зертханаларының аккредиттеу облысын кеңейту қажеттілігі, ИСО 9001 жүйе менеджментін енгізу, сондай – ақ стандарттарын қолдану тәртібі туралы мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті және Техникалық реттеу және метрология Комитеттің ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен және ҚР ӨМЖ тізілімімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22408?lang=kk